Бүгін ҚазАТУ да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көтерілді

Бүгін ҚазАТУ да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көтерілді

Бүгін ҚазАТУ да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көтерілді.
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен белең алған «Менің туым – менің Отаным!» атты салтанатты акциясы оқу ордамызда жалғасын тапты. Салтанатты шараның қонағы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының төрағасының орынбасары Әлімғазина Бағлан Ауғанбайқызы мен ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы қатысты.
Аталмыш жоба тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды және халқымыздың дәстүрлері мен еліміздің тарихи мұраларын қастерлеуге жастарды баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Шараны салтанатты түрде ашу үшін ортаға шыққан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Қажығұлұлы «Егеменді еліміз әлемдегі мемлекеттермен терезесін теңестіріп, тәуелсіз ел ретінде өзінің елтаңбасы мен әнұранын, көк байрағын белгілеп, осы бір қасиетті рәміздердің мәнін жас ұрпаққа насихаттап, мақтаныш сезіммен қарауына ерекше мән береді. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!» деді. Үш жүз жиырмадан астам (320) студент қатысқан маңызды шарада, көк туды көкке көтеру құрметіне университет студенттері Белбеу күрестен әлем чемпионы Сәтбай Дидар мен Президенттік стипендия иегері, Сәкен Дулатұлына бұйырды.
Шараға жиналғандар алдында Отанға деген ыстық сезімді оятатын патреттық әндер орындалып, концерттік бағдарламаға ұласты.