Дебаттық клубтар өз жұмыстарын белсендіруде

Дебаттық клубтар өз жұмыстарын белсендіруде

2019 жылдың 31 қазанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Аманат» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар» атты І курс студенттері арасында факультетаралық пікір-сайыс турнирі өтті. Оған университетіміздің 6 факультетінен екі адамнан құралған 8 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша, І орынды Аружан Байтемірова және Дәулетбек Бек – ЖРБСжД факультетінің командасы жеңіп алды. ІІ орынды Жалғас Альназиров, Арлан Муканов – экономикалық факультеттің командасы иеленсе, ІІІ орын Раимбек Таскожин және Нурсат Турганбаев – энергетикалық факультеттің командасына бұйырды. Ал техникалық факультеттің студенттері Сагындык Тайганов және Дильназ Балгабекова финалистер қатарына енді.

Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, қазан айының 30-31 жұлдызында Назарбаев университетінде «Номад» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен «Қос аңыз IV» қалалық пікір-сайыс турнирі болды. Турнирге елордамыздың жоғары оқу орындарынан жиналғани 64 студент қатысты. Сайыста университетіміздің «Элита» пікір-сайыс клубының мүшелері Сланбек Елемес және Әйгерім Отарбаева үздіктер қатарнан көрініп, «Қос аңыз» атағын жеңіп алды. КЖжКББ факультетінің 3-курс студенті Наргиз Карагулова ІІІ орын иегері атанды.