"Достық Шоғы" этнофестивалі

"Достық Шоғы" этнофестивалі

30.04.2021 С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да,  1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай гуманитарлық факультетінің оқытушысы, т. ғ. к., қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ғабдулина Айнұр Жұмағазықызы ұйымдастыруымен "Достық Шоғы" этнофестивалі өтті. Бұл мерекелік концертке университеттің барлық факультеттерінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты-Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық мәдениетін насихаттау және студенттер арасында шығармашылық өнерпаздықты дамыту. Этнофестиваль этникалық топтар мәдениетінің тарихына қызығушылықты арттыруға, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін насихаттауға, дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған.

Карантиндік шараларға байланысты концерт онлайн форматта өтті, бірақ соған қарамастан студенттер белсенділік танытып, жетістіктерін көрсете алды.

Концерттің жүргізушілері: ВТиЖ факультетінің 1 курс студенті Александра Мокотенко және КСИПО факультетінің 1 курс студенті Матышев Асанәлі шешендігі мен Қазақстан халқы арасындағы достық туралы әңгімесінің арқасында осы мерекенің мәні мен мақсатын жеткізе білді.

Аталған іс-шараға экономикалық, агрономиялық, техникалық, энергетикалық, сонымен қатар ВТиЖ, УЗРАиД және КСИПО факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Барлығы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.