«Елбасы – ел тірегі!» атты зияткерлік ойыны

«Елбасы – ел тірегі!» атты зияткерлік ойыны

2019 жылдың 20 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Көшбасшы» танымдық клубының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы!» атты зияткерлік ойын өткізілді.

Ойын 4 кезеңнен тұрды: «Таныстыру» – әр студент өзін өлең-шумақтарымен таныстырды. Барлық қатысушыға 5 ұпайдан берілді. «Бәйге» –  ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады. Әр тақырып 10, 20, 30, 40, 50, 60 санды ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі. «Сөз қадірі» – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  қанатты сөздері жасырылды. «Саяхат» – Елбасының кездесулерінен сурет жасырылды. Сурет туралы қысқаша ақпарат берілді. Осы ақпарат бойынша суреттің кіммен, қашан және қай жерде түсірілгені туралы өздерінің жауаптарын берді.

Ойын нәтижесі бойынша, І орын - Азамат Бекпосынов,  ІІ орынды Бейбарыс Сұлтан және ІІІ орынды Амина Байниязова иеленді. Қатысушылар мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар 2019 жылдың 17-18 қарашасы күндері университеттің барлық студенттік жатақханаларында Тұңғыш Президент күніне орай кинокеш ұйымдастырылды. Студенттердің назарына «Балалық шағымның аспаны» және «Көшбасшы жолы» атты көркем фильмдері ұсынылды.