«Элита» пікірсайыс клубының жетістіктері

«Элита» пікірсайыс клубының жетістіктері

2019 жылдың қыркүйек айының 8 жұлдызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Жаздың соңғы біріншілігі V» атты ашық-аймақтық турнир өтті. Турнирде университетіміздің «Элита» пікірсайыс клубының мүшелері энергетикалық факультеттің 2-курс магистранты Жандарбек Аманжол БПФ форматы бойынша «Турнир жеңімпазы» атанса,  техникалық факультеттің 4-курс студенті Әділжан Тұрсынбек ЛД форматы бойынша «Үздік спикер» атанды.

Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйек айының 15-де «Астана Пікірсайысшылар Альянсының» ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде «Ұрпақтар сайысы-2019» турнирі болып өтті. Түлектер мен студенттер арасында өткен бұл сайыста университетіміздің техникалық факультеттің 4-курс студенті Тұрсынбек Әділжан барлық қатысушылардан үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.