Ғылыми Кеңес отырысы

Ғылыми Кеңес отырысы

Бүгін, 27 мамырда, кезекті Ғылыми Кеңестің отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібінде сегіз сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ бойынша гуманитарлық факультетінің қызметі туралы филология ғылымдарының кандидаты, факультет деканы Болат Аяпбергеновтің есебі тыңдалды.   

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ержан Ахметов комиссияның анықтамасымен және шешім жобасымен таныстырды. 

Жобаны орындаушы, жерге орналастыру, сәулет факультетінің деканы 2018-2020 жылдарға арналған «Солтүстік-Қазақстан облысында «демонстрациялық шаруашылықтар» (полигондар) қағидасы бойынша өсімдік шаруашылығы өндірісінде нүктелік жер технологияларын трансферті және бейімдеу» бағдарламасы бойынша алынған нәтижелер туралы жер ресурстарын басқару, архитектура және дизайн факультетінің деканы Фараби Ермеков баяндама жасады. Бағдарлама ҚР АШМ БМҚ аясында жүзеге асқан болатын және іске асыру нәтижелері бойынша эксперттердің жоғары бағасын алды. Осылайша, зерттеушілердің ауқымды жұмыстары арқасында әлемдік ғылым үшін маңызы бар құнды мәліметтер алынды. Жобаны іске асыру еңбек өнімділігін 2-2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның өзі ҚАТУ-дың зерттеу университеті ретінде басты міндеттерінің бірі болып табылатын ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты көрсетеді.

Студенттердің практикалық дайындығы туралы есебін академиялық мәселелер жөніндегі Департамент директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Сарбасова ұсынды. Сонымен, ағымдағы оқу жылында практикалар географиясы ҚАТУ-дың үш еншілес ұйымдарымен кеңейтілді. 142 студент А.Бараев атындағы АШҒӨО, ҚазҰОШАЗИ мен СҚ АШТС-та практикадан өтетін болады.

Қ.Сарбасова Ғылыми Кеңес мүшелерін «Сандық аграрлық жүйелер мен кешендер» білім беру бағдарламасының 2021-2022 оқу жылдарына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бакалавриат, магистратура, және доктарантураның барлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының жылдық оқу жоспарларын, академиялық күнтізбелерді бекіту туралы ақпаратпен таныстырды.   

Басқарма төрағасының орынбасары Исмаил Тоқбергенов өз сөзінде диссертациялық кеңес құрамындағы өзгерістер енгізу туралы хабарлады. Сонымен, «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және  «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" (6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы, 6D080600 – «Аграрлық техника және технология»,  6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау») дайындық бағыттары бойынша ұсынылған диссертациялық кеңес құрамына: а.ш.ғ.д. профессор Шәуенов Сауқымбек Қауысұлы (Scopus-қа публикациялар 2,4 Хирша Индексі); т.ғ.д. доцент Құрманғалиева Дина Бақытқожақызы (Scopus-қа публикациялар 1, 4 Хирша Индексі); философия докторы Ибраев Дулат Құсаинұлы (Scopus-қа публикациялар 1, 4 Хирша Индексі); т.ғ.к, профессор Есхожин Қайрат Жәдігерұлы, (WoS-қа публикациялар 2, 3 Хирша Индексі, мұның 1  Q3-дан бастап және Scopus-қа 10 публикация); а.ш.ғ.д Баймұқанов Дастанбек Асылбекұлы (5 Хирша Индексі) кірді.

 “Ветеринария" (6d120100–ветеринариялық медицина, 6d120200–ветеринариялық санитария) мамандықтарына даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің ұсынылған құрамы: б.ғ.д., профессор Майқанов Балғабай Сәдепұлы (2 Хирша индексі), в.ғ.д., профессор Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы (2 Хирша индексі), в.ғ.д., профессор Жақыпов Исатай Түсіпұлы (1 Хирша индексі), в.ғ.д, профессор Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы (4 Хирша индексі), в.ғ.д., профессор Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы (3 Хирша индексі). 

«Жалпы дамытуда пәндік мамандықпен мұғалімдерді даярлау» (кәсіби оқыту мамандығы) бағыты бойынша диссертациялық кеңестің ұсынылған құрамы: п.ғ.д., профессор Мұсалімов Теміржан Құлмұханбетұлы (1 Хирша индексі), п.ғ.д., профессор Ғалиев Темір Тілекұлы (Scopus бойынша Хирша индексі–1), п.ғ.к., доцент  Есекешова Марал Дүйсенеқызы (1 Хирша индексі).