Ғылыми кеңес отырысы

Ғылыми кеңес отырысы

29  сәуірде Ғылыми кеңестің онлайн-отырысы өтті.

Бірінші мәселе бойынша педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасары - ректор А.Әбдіров сөз сөйледі. Ол Ғылыми кеңестің қарауына "Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта" факультетін ашу және "Орман ресурстары және орман шаруашылығы", "Аңшылықтану және балық шаруашылығы", "Экология" кафедраларын жаңа факультетке беру туралы мәселені ұсынды.

  Баяндамашы жаңа факультетті құрудың алғы шарттары Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуі және осыған байланысты табиғи экожүйелерді басқару үшін жаңа кадрлық ресурстар құру қажеттілігі болғанын атап өтті. Оның ішінде орман шаруашылығын басқару, тірі табиғатты басқару, экологиялық білім мен экологиялық туризмді дамыту.

Бұл үш бағыт ҚР экология, геология және табиғи ресурстар бейіндік министрлігінде біріктірілген. Сонымен қатар, ұқсас факультеттер немесе орман шаруашылығы мектептері Австрия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында құрылған.

ҚазҰОШАҒЗИ және оның 3 филиалының базасында – Алматы (Алматы қ.), Алтай (Риддер қ., ШҚО), Батыс Қазақстан (Ақтөбе қ.) жоғары курс студенттері Щучинск қаласында ғылыми зертханалар, дендропарк, арборетум базасында теориялық және практикалық дайындық мүмкіндігіне ие болады. МҰТП аймағында 80 көл, "Орман шаруашылығы", "Балық шаруашылығы", "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" және "Экология"дайындық бағыты бойынша білім алушылар үшін жақсы практикалық база болып табылатын үлкен алқапты орман алаңдары орналасқан.

«ҚазҰОШАҒЗИ» базасындағы магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігіне ие.  

Ғылыми кеңес мүшелері жаңа факультеттің құрылуына бірауыздан дауыс берді.

Екінші мәселе - "Биологиялық ғылымдар" кафедрасының академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің құрылымдық бөлімшесінің құрамынан шығуы туралы кейбір жарыссөздерден кейін көпшіліктің дауыс беруімен қабылданды. Кафедра АгроПариТех-пен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау үшін іргелі пәндер шоғырланған КЖжКБ факультетіне берілді.

"А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н.Серікбаев есеп берді. Ол қолда бар қаражат далалық жұмыстарды 2021 жылға дейін қарызсыз жүргізуге мүмкіндік беретінін хабарлады. Кәсіпорындағы жағдай жыл басынан бері айтарлықтай жақсарып келеді. Еңбекақы, салық бойынша қарыздар төленіп, жеткізіп берушілер алдындағы қарыздар толық өтелді. Бірқатар әлеуметтік жобалар іске қосылды, оның ішінде ғылыми қызметкерлер үшін сауықтыруға арналған емдік жәрдемақыны төлеу алғаш рет енгізілді.

1 наурыздан бастап ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы 15 пайызға, қосалқы қызметкерлердікі 60 пайызға өсті. Тұрақты көрініс «Солтүстік-Қазақстан  ауылшаруашылық тәжірибе станция» ЖШС қалыптасқанын Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.Жоламан мәлімдеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында мұнда барлық ауыртпалықтар алынып, еңбекақы мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешек өтелді.

Мамыр айынан бастап екі кәсіпорында да санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың студент - магистранттарының тәжірибесі жоспарланып отыр.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша - Диссертациялық кеңестің жаңа құрамын бекіту туралы Басқарма төрағасының ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары И.Тоқбергенов сөз сөйледі.

С.Сейфуллина атындағы ҚАТУ басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов отырыс қорытындысын қорытындылай келе «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен «Солтүстік-Қазақстан ауылшаруашылығы тәжірибе станция» ЖШС Басқарма төрағалары мен кәсіпорын ұжымына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

- Кәсіпорындардың алғаш университет құрылымына берілген сәтте қандай жағдайда болғанын біз жақсы білеміз, -  деді Қ.Айтуғанов, сонымен бірге жаңа менеджменттің 100 күндік жұмыс нәтижесін - дебиторлық және кредиторлық берешектерінің 80 пайызға өтелген атап өтті.

 - СҚ АШТС бойынша тапсыру кезінде бұл іс жүзінде 940 млн. теңге қарызымен кәсіпорынның банкрот болғанын айтқан жөн, соның ішінде несиелер жылдық 13 пайызбен алынды, 21 600 га алаңы бар кәсіпорын 6 комбайндар мен 1172 га жер участігі кепілдікте болды. Жалпы алғанда, 23 мың гектар жер кепілдікке алынды. Бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды, банк алдындағы берешек 100 пайызға өтелді, еңбекақы мен салықтар бойынша қарыздар жоқ.

Бүгінде екі кәсіпорын да егіс науқанына 100 пайыз дайын. Ең бастысы, олар соңғы 10 жылда алғаш рет көктемгі дала жұмыстарына несие алмайды.

ЖЖМ, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер сатып алып, техникаларды дайындау - осының барлығы өз күшімізбен іс жүзіне асты.