«Истоки» және «Arrow crew» клубтары студенттерге арналған тәрбие және шеберлік сағаттарын өткізді

«Истоки» және «Arrow crew» клубтары студенттерге арналған тәрбие және шеберлік сағаттарын өткізді

2019 жылдың 30 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Истоки» клубы мен экономикалық факультетінің ЖІЖК ұйымдастыруымен «Астана» заманауи театры өнер көрсетті. Көрермендер назарына заманауи және қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді жастар көзімен сипаттаған «ЭволюциЯ» атты қойылымын ұсынды.

Студенттердің айтуынша қойылымда ой саларлық өзекті мәселелер ерекше көрсетілген және сюжеті де өте тартымды.

«Arrow crew» заманауи хореография клубы шеберлік сағатын «К-РОР мәдениеті және биі» тақырыбына арнады. Онда Jennie – "SOLO" және BTS – "MIC DROP" композициялары ұсынылған.

Мұнда клуб мүшелерінен басқа ВжМШТ, энергетикалық, экономикалық, агрономиялық және техникалық факультеттердің студенттері де қатысты.

Соңында, жаңа материалды зерделей келе бейнетүсірілім жасалды. Сондай-ақ қатысушылар жақсы көңіл-күй сыйлаған клуб мүшелеріне алғыстарын білдірді.