«Жастар - біздің болашағымыз»

«Жастар - біздің болашағымыз»

2019 жылдың 17-18 қарашасы күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Элита» интеллектуалдық пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»  атты қазақ тілін белсене насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Joker Cup II» атты пікір-сайыc турнирі болып өтті. Оған Елордамыздың жоғарғы оқу орындарынан 32 фракция, 64 спикер қатысты.

Екі күнге созылған пікірсайыс барысында командалар өзара екіге қазақ және орыс  лигаларына бөлініп, жарысқа түсті. Жеребе тартылған соң, қатысушылар даттаушы және жақтаушы болып 32 жұпқа бөлініп, сөз жарыстырды.  

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар жарыстың екінші күні финалда пікір таластырды. Пікір-сайыста ең бастысы – өзіңнің ұстанған көзқарасыңды дәлелдей білу. Ол үшін жан-жақты білім, терең оймен қатар, шешендік өнер де қажет. 

Турнир нәтижесі бойынша:

 «Үздік төреші» - Маржан Азимбаева,

«Үздік спикер» - Айгерім Айбасова,

«Үздік жас буын спикері» болып Аида Нұрлыбекова атанды.

         Ал жастар лигасының нәтижесі бойынша финалисттер – «Sole» командасы Аида Нұрлыбекова мен Ұлдана Манас,  «Үмітіміз зор» командасы Аяулым Мұсабекова мен Жанель Мырзажанова және «BalaGun» командасы Ақмарал Тортбаева мен Ұлпан Серік, ал жеңімпаздар - «Пицца в 106» командасы  Әйгерім Бакесова мен Ару Беркімбай.

Сонымен қатар, «Аманат» пікір-сайыс клубының өзаралық  «Президент кубогы»  пікір-сайыс турнирі өтті. Клуб мүшелері 12 командаға бөлініп «Жастар – біздің болашағымыз» тақырыбында пікір таласты.

Турнирдің қорытындысы бойынша:

1 – орын  Сабит Караулов және Аделина Тажибаева;

2 – орын   Ашим Шерхан және Ракым Тамерлан;

3 – орын   Ернар Ахметов және Аружан Байтемирова;

Финалистер – Омар Гульдана және Садуов Бакдаулет.