Жатақхана аралық футбол лигасы бастау алды

Жатақхана аралық футбол лигасы бастау алды

2019 жылдың 27 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сарыарқа» спорт кешенінде, №7 жатақхананың ұйымдастыруымен, дәстүрлі жатақхана аралық футбол лигасының ресми ашылуы болды.

Аталмыш лига университетімізде 2014 жылдан бастап ұдайы  өткізілуде. Лига студенттер арасында спорттың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған.

          Бұл ойынға 5 жатақханадан 108 студенттен құралған 14 команда өтініш жіберіп, қатысуға рұқсат алды:

№2Б жатақханасынан - «Номад», «Арлан», «Эверест»;

№5 жатақханадан -  «Бірлік», «Алаш», «Лидер»;

№6 жатақханадан – «Ұлытау», «Сұңқар»;

№7 жатақханадан – «Арсенал», «Биік», «Лион»;

№8 жатақханадан - «Аякс», «Алау», «Қайсар» командалары.

Ойынға әр жатақханадан жанкүйерлер келіп, өз командаларына қолдау көрсетті. Лиганың ашылуы қарсаңында қатысушылардың жеребе тастау рәсімі өтті.

Бірінші ойын күнінің нәтижелері:

«Аякс» - «Эверест» - 1:1

         «Номад» - «Арсенал» - 5:1

         «Сұңқар» - «Лидер» - 6:3

         «Биік» - «Алау» - 7:0

         «Арлан» - «Алаш» - 0:3

         «Лион» - «Қайсар» - 2:2

         «Бірлік» - «Ұлытау» - 4:2.

         Лига 2019 жылдың 27 қазанынан 2020 жылдың маусым айына дейін созылады.