Жатақханааралық сайыстар ұйымдастырылды

Жатақханааралық сайыстар ұйымдастырылды

2019 жылдың 17 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Arrow crew» заманауи би клубының ұйымдастыруымен жатақханалар арасында заманауи би байқауы болды.  Әуезді ырғақты өміріне серік еткен №2Б, №5 және №7 жатақханалар белсенді студенттері шараға белсене араласты. 

Байқау 2 кезеңнен тұрды. І кезеңде жеке командалар арасында сайыс өтті. Келесі кезеңде жеке бишілер арасында Battle болды.

Би топтарының өнерін арнайы қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша,  бас жүлдеге №7 жатақхана ие болды. Ал І орынды №2Б жатақханасы иеленсе, ІІ орынды №5 жатақхана иеленді. «Үздік биші» номинациясын №2Б жатақханасының қатысушысы  Аягөз Нұрболатқызы жеңіп алды.

Ал кешкісін жатақхана спортшылары арасында баскетбол лигасы болды. Дәстүрлі түрде өткізілетін баскетбол лигасына №2Б жатақханасынан «Номад» пен «Эверест» командалары, №5, №6, №7 мен №8 жатақханалардан бір командадан қатысты.

№2Б, №5, №7 мен №8 жатақхана  командалары өте жақсы ойын көрсетті. Ал №6 жатақхананың командасы ойын ережесін бұзуына байланысты ойыннан шектетілді.

Ойын қорытындысы бойынша, І орын №2Б жатақханасының «Эверест» командасы, ІІ орын №2Б жатақханасының «Номад» командасы, ІІІ орынға  №5 жатақхана командасы ие болды.