Жемқорлықтың алдын алу бойынша прокуратура өкілдерімен кездесулер өтті

Жемқорлықтың алдын алу бойынша прокуратура өкілдерімен кездесулер өтті

2019 жылдың қыркүйек айында Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы және Дін басқармасымен бірлесе, барлық факультеттің 1 курс студенттеріне «Жастардың арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының аға прокуроры Мейманкулов Ерлан Абдуманапұлы, Сарыарқа ауданының Полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жумагалиев Канат Аскербекұлы, №26 учаскелік пунктінің инспекторы Кабдулланов Ермек Кабдулланұлы және дін басқармасының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Заң өкілдері Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң баптарын талқылап, заңсыз митингтер мен олардың қоғамға кері әсері  туралы бейнероликтер көрсетіп, жастардың тәртіп бұзу фактілеріне талдау жасап, студенттерге заңдық тұрғыда кеңес берді.

Кездесуде жастардың шылым шегу мен нашақорлықтың зияны, әкімшілік құқық бұзушылықтың баптары жайлы өзекті мәселелер көтерілді.

Кездесуге қатысқан студенттер мен топ кураторлары қонақтарға өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, нақты жауаптар алды.