«Жүрегіңде жүрсін жақсылық!»  атты қайырымдылық жәрмеңкесі

«Жүрегіңде жүрсін жақсылық!»  атты қайырымдылық жәрмеңкесі

2019 жылдың 18-20 қарашасы күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Шебер қолөнершілер» клубы, «Көмек» еріктілер ұйымы мен «Самғау» студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Жүрегіңде жүрсін жақсылық!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде университетіміздің студенттерінің  өз қолынан жасалған бұйымдары мен қолдан тоқылған киімдері, моншақтан жасалған бұйымдар, әшекейлер, ағаштан жасалған  бұйымдар сатылды. Қайырымдылық жәрмеңкеден жиналған қаражат аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге көмегін тигізбек.