ҚАТУ оқытушыларының жеке телестудиясы жұмысын бастады

ҚАТУ оқытушыларының жеке телестудиясы жұмысын бастады

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті КеАҚ-да  патенттелген Jalinga Studio бағдарламалық жүйесімен қамтамасыз етілген  бейне дәрістер жазу мен  мультимедиялық презентациялар өткізуге арналған  цифрлық студияның ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Студия ақпараттық бейне презентациялар, онлайн-дәрістер мен веб-конференцияларды жүргізуге арналған. Бұл елордалық  университеттер арасындағы алғашқы сандық үлгідегі бейнестудия болып отыр.

Шара барысында  басқарма төрағасының оқу ісі жөніндегі орынбасары - ректор, п.ғ.д., техника ғылымдарының кандидаты, профессор, АПНК академигі Айтжан Әбдіров университеттік студияның оқу орынын цифрландыру жөніндегі Жол картасына сәйкес жүзеге асырылғанын айтты.

-Студияның басты ерекшеліктерінің бірі - бейне сабақтарды тікелей эфирде қараудың қажеті жоқ. Интернетке қол жетімділік әрқашан сапалы бола бермейтіндігін ескере отырып, студенттер бейне сабаққа өздеріне ыңғайлы кез-келген уақытта қатыса алатындығында, - дейді А.Әбдіров.

Студияның техникалық мүмкіндіктері  өте жоғары. Сапалы түрде алынған бейнежазбалар соңғы үлгімен өңделіп, жылдам әрі қарқынды жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Студияның мүмкіндіктерін өз көздерімен  көрген оқытушылар  оның ерекшеліктерін жоғары бағалап отыр.

Шара барысында Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Төкенова Сандуғаш Мейрамжанқызы студияның мүмкіндігін пайдалана отырып  студенттермен тікелей эфирге шықты. Осылайша  берілген ақпараттардың сапасы  туралы білім алушылардың пікірлерін тыңдады:

-Студенттер бұл видеоның сапасын өте жоғары бағалап отыр. Студияда біз де өзімізді сырттан көреміз, ым-ишарамызды байқаймыз, өйткені біздің мақсатымыз көрермендер мен, тыңдаушылардың назарын  аудару. Мұнда біздің кескін-бейнеміз  тікелей қарама-қарсы экранда таратылады және бізде кемшіліктерді жоюға, ыммен, мимикамен жұмыс жасауға мүмкіндік мол,- деді ол.

Электр жабдықтарын пайдалану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Герасименко Татьяна Сергеевна бейнематериалдың жаңа мүмкіндігі туралы өз қуанышын жасырмады:

-Біздің университет бір орында қалып қоймай әрқашан басқалардан бір саты жоғары тұратынына қуанам. Осындай ерекше мүмкіндік үшін баршаңызға рахмет. Бұрын онлайн-оқыту барысында  тек денеміздің жоғарғы бөлігі ғана тыңдаушы байқалатын. Онымен өз тыңдаушымызды жалықтырып алуымыз мүмкін еді. Ал мұнда лектор өзі презентация болып табылады. Сонымен бірге жүйені түгел басқарады. Бұл маған ерекше шабыт беріп отыр.  Алдын ала жоспар бойынша дәрісті жазудың барысын ойластырып қоюға да болады.

Цифрлық студияда сыртқы шуыл мен тікелей түсетін  жарықты оқшаулау мен мөлдір сенсорлық  тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ  бейнекамера, телекомпьютер, мультимедиялық планшет, жарық шамдары, қағаз және мата фондары түріндегі кәсіби жабдықтармен жасақталған.  Дәріс беруші кадрда қала отырып презентацияның интерактивті элементтерін (3D график, браузер, карта, мәтін) еркін қолдана алады.

Сондай-ақ, нақты уақыт режимінде спикер экрандағы жазба процесінің жағдайы туралы қосымша ақпараттардан бөлек бейне материалдармен жұмыс жасай беруіне мүмкіндігі бар.

Бейнекамера жоғары сапада түсіріледі (4K ажыратымдылық үлгісімен) және дәріс берушіге қосымша макияж қажет емес.

Jalinga студиясы мен бағдарламалық қамтамасыз ету мамандардың көмегіне жүгінбей ақ түсірілімді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

Бейнені түсіру алгоритмі төмендегідей:

  1. Дәріс беруші өз сөзіне презентация дайындайды
  2. Студиядағы артқы фон түсін таңдайды - ақ немесе қара (ол экранмен үйлеспей қалмас үшін лектордың киімінде қандай бір басқа түстер басым болатындығына байланысты,)
  3. Презентациямен бірге студияда бейнежазба да жазылады, қажет болған жағдайда сіз нұсқаулықты пайдалана аласыз

4.Оқытушы ең сәтті түсірілімді таңдайды жәнеол бейне жазба ешқандай қосымша өңдеуді қажет етпейді....