ҚР Президентiнiң халыққа Жолдауы белсендi жастар арасында талқыланды

ҚР Президентiнiң халыққа Жолдауы белсендi жастар арасында талқыланды

2019 жылдың 16 қыркүйегі күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің белсенді жастары арасында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылау отырысы болды. Студенттер Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталды. Соның ішінде, жастар үшін жағымды жаңалық – 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып жариялануы. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе, жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет. Біздің елімізде еріктілер жұмысы осындай деңгейде бағаланғаны, әрине, қуантады. Осы салада жүрген жалынды жастарға шабыт береді. Белсенді жастарымыз мемлекет басшысының жолдауына байланысты өз ойларын айтты.