Қашықтықтан оқыту технологиясындағы академиялық адалдық

Қашықтықтан оқыту технологиясындағы академиялық адалдық

2020 жылдың 17 сәуірінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту технологиясындағы академиялық адалдық» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж.Жылқышиевамен онлайн-сұхбат өтті.
Онлайн-конференцияға Студенттік Парламент, ҚазАТУ-дың белсенді жастары, «Саналы ұрпақ» ұйымының мүшелері атсалысты. Оған 60-тан астам студент қатысты. Ж.Ж.Жылқышиева алғы сɵзiнде сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтiнiн айтты. Əр азамат жасаған ісіне адал болу қағидаттарына  тоқталып кетті. Ең бастысы ɵзiн-ɵзi алдамай, адал болуды ɵзiнен бастау керек екенiн айтты. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің басты мақсаттарын атап ɵттi. Жастарға қатысты қылмыстық iс-əрекеттер жайлы тоқталды. 
Студент-жастар Жазира Жақсылыққызына сұрақ қойып, ашық сұхбат өткізгені үшін алғысын білдірді.