ҚазАТУ «Ең үздік көрме» номинациясының жеңімпазы анықталды

ҚазАТУ «Ең үздік көрме» номинациясының жеңімпазы анықталды

2019 жылдың 17 қарашасы күні Жастар жылы аясында «Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен "Жаңа белес-2019" студенттер қатарына қабылдау рәсімінде қалалық Жоғары оқу орындары арасында имидждiк кɵрме ұйымдастырылды. Ол жерде Елорда жастары арасында оқу орны жайлы кеңінен ақпарат беру, жарнамалау, жұмыстары жүргізілді. Университеттің спорттық, ғылыми және жастардың шығармашылық жетістіктері таныстырылды.

2019 жылдың 8 желтоқсаны күні ЕЛОРДА ПРЕМИЯСЫ байқауының гала-концертiнде елордалық ЖОО-ның арасында көрменің қорытындысы бойынша, «Ең үздік көрме» номинациясы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жеңімпаз атанды.