ҚазАТУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің жаңа құрамы

ҚазАТУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің жаңа құрамы

2019 жылдың 10-17 қыркүйегі аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 7 факультеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің және Студенттік кеңестердің жылдық есеп беру-қайта сайлау жиналыстары өтті.

Жиналыста төмендегі сұрақтар қарастырылды:

  1. Ұйым төрағаларының 2018-2019 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі;
  2. Ұйымның 2019-2020 оқу жылына жаңа құрамын сайлау;
  3. Ұйымның 2019-2020 оқу жылына жаңа төрағасын сайлау.

Барлық факультеттің студенттері жиынға белсене қатысып, студенттік өзін-өзі басқару құрамына мүше болып кіруге ниет білдірді. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамындағы 15 секторға студенттер өз тұжырымдамасын ұсынып, университеттің және факультеттің намысын қорғауға уәде берді. Осындай белсенді студенттер мүшелікке сайланып, факультеттердің ЖІЖК мен студенттік кеңестің жаңа құрамдары бекітілді.

Жиын барысында сайлау тек ашық түрде, әділ дауыс беру арқылы өтті. Қорыта келгенде, бекітілген төрағалар төмендегідей болды:

- Агрономия факультеті – Зейнуллаұлы Алмаз;

- Энергетикалық факультет – Рахымбай Бекжан;

- Техникалық факультет – Кэлсова Аружан;

- Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті – Қайыпов Ғасыржан;

- Экономика факультеті – Серіков Еркебұлан;

- Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті – Кадыров Мухаммед-Азиз;

- Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті - Богаевская Ксения.

Студенттік кеңес төрағалары:

  • №2Б жатақханасы – Сәкен Әліби;
  • №5 жатақхана – Шарипова Гульзия;
  • №6 жатақхана – Амангелді Дінмұхамед;
  • №7 жатақхана – Аман Айгерім;
  • №8 жатақхана – Жанахметова Гаухар.