ҚазАТУ «Үздік Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясының жеңімпазы атанды!

ҚазАТУ «Үздік Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясының жеңімпазы атанды!

2019 жылдың 29 қарашасы күні Жастар жылы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның гранттық жобасы қолдауымен және «Қазақстан студенттері Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының ұйымдастыруымен Республикалық Жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитеті (КДМ) басшылары арасында «Үздік Төраға» байқауы өтті. Байқау instagram әлеуметтік желісінде, Қазақстан студенттері Альянсының ресми парақшасында жүргізілді. Байқаудың шарты бойынша,  1-кезеңнен өткен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша үздік атанған 2 кандидат республикалық байқауға 2-ші кезеңге жолдама алды.

Республикалық «Үздік Төраға» байқауы» 2019 жылдың 19-27 қарашасы аралығында өтті. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттің  2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша есеп қорғалды. Өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысы, еріктілер, жастардың азаматтық белсенділігі, қоғамдық жұмыспен айналысатын студенттердің үлесі бағаланды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде 1 апта бойы дауыс беру жүргізілді. Республикалық байқауға еліміздің үздік деген 20 Жоғары оқу орны қатысты.

2019 жылдың 29 қарашасы күні І Республикалық жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының және Қазақстан студенттері Альянсының шақырылымында барлық республиканың жастарын басын қосқан форумда үздіктер марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Үздік Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясының жеңімпазы атанды.  Жастар жылындағы ерекше номинация ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет атынан диплом мен естелікке кәде сыйлығы табысталды.