ҚазАТУ «Үздік бастауыш бөлімше» номинациясын жеңіп алды

ҚазАТУ «Үздік бастауыш бөлімше» номинациясын жеңіп алды

2019 жылдың 25 желтоқсаны күні «Нұр Отан» жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Елордалық филиалының ұйымдастыруымен «New Wave - 2019» атты жастар премиясы өтті.

Салтанатты іс-шара «Шабыт» өнер университетінің концерт залында өтті. Премияға Елорданың белгілі көшбасшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілері және ЖОО-ның белсенді студенттері қатысты. Жастар премиясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты «Үздік бастауыш бөлімше» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл номинация жыл бойы ҚазАТУ жастарының белсенділігі үшін, бірталай бірлесе атқарылған іс-шаралар ұйымдастырғаны үшін, сонымен қатар, қайырымдылық жасаудағы көмектерде белсенділік танытып, әрдайым қолдау көрсеткені үшін берілді. Ерекше номинацияға «Нұр Отан» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Е. Каналимов мырза атынан диплом мен естелікке  кәде сыйлығы табысталды.