ҚазАТУ да «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты студент жастардың дәстүрлі VІІ республикалық патриоттық форумы өтті

ҚазАТУ да «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты студент жастардың дәстүрлі VІІ республикалық патриоттық форумы өтті

2019 жылдың 4 желтоқсаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты студент жастардың дәстүрлі VІІ республикалық патриоттық форумы өтті. Форум Елордамыздың ЖОО-ның және Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттерінің белсенді жастарының басын қосты. Шараның басты қонақтары болған жастар ұйымдарының жетекшілері: Тлеулин Шыңғыс Маратұлы – Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі; Жанділдә Бақдәулет Болатұлы - «Жас отан» жастар қанаты Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы; Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы – Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры; Налшыбек Асхат Бағдатұлы - «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы; Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы – «Қазақстан медицина жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Кукеева Әйгерім Асқатқызы қатысты.
​Форум баяндамашылары: Тенгебаев Азат Ержігітұлы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2-курс магистранты, баяндама тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»; Алибаев Бекзат Рысдаулетұлы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Менеджмент» мамандығының 4-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Ана тілің - асылың», Абдықадыр Дидар Дауленханұлы - «Астана» медициналық университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс»; Әпсадық Ботагөз Әділбақызы - Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Елдің болашағы, келешегі біз - жастар»; Бауыржанқызы Ақжан - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Экология» мамандығының 2-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Тәуелсіздіктің бақытты ұрпақтарымыз!»; Болатбеков Бекжан Серікбекұлы - «Астана» Халықаралық университетінің «Экономика» мамандығының 1-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Тәуелсіз еліміздің шабытты жастары»; Есжанов Сержан Сағынұлы – «Тұран – Астана» университетінің «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенті, баяндама тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!». Аталып өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, жастар өз ойларымен бөлісті.
​Форумға қатысқан жастар өте ерекше әсер алды. Форумды қорытындылай келе техникалық факультетінің 3-курс студенті Кэлсова Аружан барша студент жастардың атынан үндеу жариялады!!!