ҚазАТУ-дың «Ар-намыс кодексін» білу – парыз

ҚазАТУ-дың «Ар-намыс кодексін» білу – парыз

Студенттік Парламент ҚазАТУ-да 2019 жылдың 8 қарашасы мен 18 қарашасы күндері аралығында жатақханаларда тұратын студенттерден «Ар-намыс кодексі» бойынша емтихан қабылдады.  

Шарада білім ордамыз жайлы қызықты ақпараттар беріліп, студенттер университет аумағында және одан тыс жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты. Сондай-ақ оқытушылармен және қызметкерлермен өзара қарым-қатынас негіздері түсіндірілді.

Аталған іс-шараға жатақханаларда тұратын 2288 студент қатысты. Қайта тапсыруға 36 студент қалды. №2б, №6 және №7  жатақханалары 100%, №5 жатақхананың 98% студенттері және №8 жатақхананың  97% студенттері тапсырды.