КазАТУ-дың эко-еріктілері ағаш отырғызды

КазАТУ-дың эко-еріктілері ағаш отырғызды

2019 жылдың 12 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің эко-еріктілері "Бірге Жасыл Қазақстан" акциясы аясында, Нұр-Сұлтан қаласы "Жағалау" шағын ауданында ағаш отырғызуға белсене қатысты.

Сенбілік барысында шағын ауданды көгалдандыру мақсатында ҚазАТУ еріктілері  200 көшет отырғызды.

Акцияның мақсаты - қалалық жасыл алқаптарды көбейту, орман байлықтарын сақтау ісінде қоғамдық мүддені дамыту. Жыл сайын планетадағы жасыл желектер саны азаюда. Сондықтан әрбір адам экологиялық ортаны сақтауға үлес қосуы тиіс.