ҚазАТУ жастары Елорда жастарына үндеу жариялады

ҚазАТУ жастары Елорда жастарына үндеу жариялады

2019 жылдың 10 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студент-еріктілері Елорда жастары мен қала тұрғындарына экологиялық үндеу жариялады.

Үндеудің мақсаты – жастар арасында табиғатты аялау, еңбексүйгіштік, парасаттылық мінезін қалыптастыру, еріктілер қозғалысын жастар арасында белсендіру. Сондай-ақ ауланы таза ұстау, қоқыс лақтырмау секілді маңыздылыққа ие әрекеттер назарға алынды.

Іс-шара барысында еріктілер Республика даңғылы №61 мекен-жайында орналасқан «А.С.Пушкин» атындағы саябағында тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Алдағы уақытта осындай назардан тыс қалған, алыс-шалғай жерлерді тазартып, белсенділік танытуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Көмек» еріктілер ұйымы нақты 5 бағытын (экологиялық, әлеуметтік, шығармашылық, тілдік, жаңа технологиялық әдістерді меңгерту) айқындап, өз жұмысын бастағаны жайлы хабарлап, еріктілер жылына дайын екендігін айтты.