ҚазАТУ жастары кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевпен кездесті

ҚазАТУ жастары кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевпен кездесті

2019 жылдың 11 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде кәсіпқой боксшы – Батыр Жүкенбаевпен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ер балалардың бойында азаматтық, елге деген патриоттық мінездерін қалыптастыру.

Кездесу барысында Батыр Жүкембаев өзінің бүгінгі күнге дейін болған жекпе-жектері, кәсіпқой боксшы ретінде басынан өткен жағдайлар жайлы, отбасы туралы айтып өтті.

Жастарға ерекше серпіліс берген кездесуде «Батыр аға» - деп өз сауалдарын қойып, боксшының өміріне қызығушылық танытқан  студенттер көп болды.

Кездесу соңында Батыр Жүкенбаев үздік сауалдарын қойған 3 студенте арнайы логотиппен жасалынған футболканы естелікке сыйға тартты. Сондай-ақ, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор - Ж.А.Құсайынова Батыр Жүкембаевқа ҚазАТУ ұжымынан естелікке «Алтын адам» кәде сыйын тарту етті.

Жастар өз тілектерін айтып, боксшыға алғашқы жекпе-жектерінде тек сәттілік тіледі.