«ҚазАТУ көшбасшылары» атты VI дәстүрлі Патриоттар шеруі

 «ҚазАТУ көшбасшылары» атты VI дәстүрлі Патриоттар шеруі

2019 жылдың 19 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сарыарқа» спорт кешенінде Халықаралық студенттер күніне орай «ҚазАТУ көшбасшылары» атты VI дәстүрлі Патриоттар шеруі өткізілді. Шеру университетіміздің белсенді жастарының басын қосуға және 2019 жылдың үздік студенттерін анықтауға бағытталған.

         Шеруге 7 ЖІЖК, 5 студенттік кеңес, 5 ұйым, 18 клуб, медиаторлар, «Алтын белгі» иегерлері, спортшылар, жатақхана спорттық лигалары, жатақханалардың жанкүйер клубтары және Өнер және шығармашылық факультетінің «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі, «Ақжелкен» студенттік театры, «Шаттық» би ансамблі, көңілді тапқырлар клубы мен вокал үйірмесінің студенттері белсене қатысты.

         Шараға Елордамыздың жастарымен тығыз байланыста жүрген жастар саясатының жауапты тұлғалары шақырылды: Майра Төлепберген – Астана телеарнасы мен «ОрдаҒМ» радиосының жүргізушісі, Айтым Жакупов – «Street Workout Kazakhstan» негізін қалаушы, Street Workout бойынша әлемдік чемпионы, Қазақстан Республикасындағы Street Workout бойынша бас бапкері, Үкібай Нұрпейісов – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры, Ілияс Түстікбаев – «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қозғалысының Президенті, Бақдәулет Жанділдә - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының төрағасы. Сонымен қатар, Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры - Әйгерім Кукеева, Өнер және шығармашылық факультетінің «Ақжелкен» студенттік театрының жетекшісі – Нұрфат Вахитов пен Көңілді тапқырлар клубының жетекшісі – Ақылбек Данабекұлы және декан орынбасарлары қатысты.

         Университет белсенділері үшін бұл кеш өте ерекше! Себебі бұл күні жыл бойы университеттің қоғамдық өмірінде де, оқуда да жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүрген белсенді жастардың ішінен 30 номинация бойынша ең үздік студенттер анықталып, үздіктерге кеш қонақтарының қолынан диплом табыс етілді.

        

«Жыл көмекшісі» - Бекежанова Ақнұр (Энергетикалық факультет)

«Үздік староста» -   Хаметова Макпал (Агрономия факультеті)

«Үздік әкімгер»  - Мангубасова Жанель (КЖжКББ факультеті)

«Жыл журналисі» - Айтбай Әдемі (ВжМШТ факультеті)

 «Үздік фотограф» - Тулегенов Нурдаулет (Экономикалық факультет)

«Үздік бейнеоператор» - Нұрбек Тойлыбек (ЖРБСжД факультеті), Сламгалиева Айнур (Экономикалық факультет)

 «Жыл жүргізушісі» - Сейтқамал Гүлназ (Агрономия факультеті), Ғабиден Шыңғыс (КЖжКББ факультеті)

«Үздік актер» - Абишева Гульмира (Агрономия факультеті)

«Үздік вокалист» - Болат Қайсар (Экономикалық факультет), Мұратбек Ақкиік (ВжМШТ факультеті)

«Үздік КТК ойыншысы» - Сакен Нариман,  Жеңісов Мадияр, Жакупбеков Абылайхан, Шадибекова Дана, Бақытбек Әбиірбек,  Хасан Ақылбек (Техникалық факультет), Лесбек Диана (КЖжКББ факультеті), Есентай Дастан,  Дәріходжа Абылайхан (Экономикалық факультет)

«Үздік аспапшы»  - Рымжан Ғалымжан (Экономикалық факультет), Дәулет Назира (Агрономия факультеті)

 «Үздік музыкамен әрлеуші» - Демисенов Тимур (КЖжКББ факультеті)

«Үздік хореографиялық ұжым» - «Шаттық» би ансамблі

«Үздік волонтер» - Қалдыбай Несібелі (ЖРБСжД факультеті), Қабас Жансая (Техникалық факультет), Зейнулла Толғанай (Экономикалық факультет)

«Үздік пікір-сайысшы»  - Әуесбеков Шыңғыс, Зұлпыхар Еңлік (Агрономия факультеті)

 «Үздік шебер қолөнерші» - Шәймерден Жауқазын (ЖРБСжД факультеті), Сакенай Ақгүл (Техникалық факультет)

«Үздік ұйымдастырушы» - Мұхамадияр Балнұр (Энергетикалық факультет)

«Үздік биші» - Кусаинова Мадина (Техникалық факультет)

 «Үздік безендіруші» - Әшіров Нұрахмед (Агрономия факультеті)

 «Жыл ашылуы» - «RedBulls» фан-клубы

«Үздік клуб» - «Шебер қолөнершілер» клубы

«Жыл белсендісі» - Тулеубаев Темірлан, Базылжанова Сандуғаш,  Гажданбек Бағдат (Агрономия факультеті), Сатыбалды Милана, Жарқынбекова Алуа, Сәкен Әліби (Энергетикалық факультет)

 «Жыл спортшысы» - Хамит Майя (Техникалық факультет), Абильдина Саяжан,  Досанова Дария (Экономикалық факультет), Баянтай Меруерт (ЖРБСжД факультеті)

 «Үздік әлемдік спортшы» - Сатбаев Дидар (Агрономия факультеті)

«Үздік клуб жетекшісі» - Абдуллаева Орынай (ЖРБСжД факультеті)

«Үздік ЖІЖК төрағасы» - Қадыров Мұхаммед-Азиз (КЖжКББ факультеті)

 «Үздік 1 курс студенті» -  Бауржанқызы Ақжан (Агрономия факультеті)

«Жыл таланты» - Каримов Мирас (Экономикалық факультет), Саттар Аружан (Техникалық факультет)

 «Жыл таңдауы» - Нағашыбай Наурызбай (Энергетикалық факультет)

 «Жыл студенті» - Серіков Еркебұлан (Экономикалық факультет), Кэлсова Аружан (Техникалық факультет), Мамилаева Акбике (ВжМШТ факультеті)

 «Жыл патриоты» - Абдуллаев Шахмурод, Әмірбай Жасұлан (Агрономия факультеті), Омар Әсел (Экономикалық факультеті), Сейтхан Руслан (ВжМШТ факультеті), Богаевская Ксения (ЖРБСжД  факультеті), Шарипова Гүлзия (Агрономия факультеті).