Қазақ ақындарының туындыларына арналды

Қазақ ақындарының туындыларына арналды

2021 жылдың 21 мамырында сағат 15:00-де ZOOM платформасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Достық" клубының жетекшілері Т.Садықова, А.Ғаппасова және мүшелері Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Бірлігіміз жарасқан, тірегіміз - Қазақстан» атты республикалық өзге ұлт өкілдерінен құралған белсенді студент жастары арасында поэзия кешін өткізді.

         Поэзиялық кештің басты сұхбаттасу алаңында өзге ұлттан құралған Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері және колледж студенттері өз шығармашылығымен таныстырды. Поэзия кешіне қатысушылар өздерінің, қазақ ақындарының туындыларын мақамына келтіріп орындады.

Поэзиялық кештің басты мақсаты - жастарды Қазақстанның барлық халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне тарту, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау, этникалық тұрақтылық пен этносаралық келісімді жетілдіру болып табылады.

Аталмыш шараға Қызылорда қаласының М.Мәметова атындағы колледжі, Қостанай құрылыс колледжінің, Қостанай жоғары политехникалық колледждің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері белсене қатысты. Кеш нәтижесінде Бас жүлдені Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Лагуткина Юлия иеленсе, бірінші орынды Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Пархоменко Анастасия, ал екінші орын - Қостанай политехникалық жоғарғы колледж студенті Александра Фельдман, үшінші орынмен С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенті Хисамутдинова Камила марапатталды.