Короновирусқа қарсы - бірге

Короновирусқа қарсы - бірге

        2000 дана эпидемияға қарсы құралдар жиынтығын Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігімен С.Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетіне халықаралық қатынастар департаменті арқылы табыс етілді.

Қытай тарапынан бағалы жүкті тапсыру рәсіміне ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің ауыл шаруашылығы ісі бойынша екінші хатшысы және ғылым мен технологиялар ісі бойынша екінші хатшысы қатысты.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың халықаралық қатынастар департаментінің Қазақ-қытай ғылым және білім орталығының жетекшісі Жанар Жақан хабардар еткендей, аталған эпидемияға қарсы құралдар жиынтығы университеттің Жергілікті кәсіподақ ұйымы арқылы ҚАТУ-дың еншілес ұйымына берілді.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты орын алған эпидемиологиялық жағдайда көрсетілген көмек ерекше өзекті.

 ҚАТУ ұжымы Қазақстандағы ҚХР Елшілігіне серіктестік қарым-қатынасқа көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.