«Көшбасшы» танымдық клубы «Тапқыр болсаң, озып көр» атты ойынын өткізді

«Көшбасшы» танымдық клубы «Тапқыр болсаң, озып көр» атты ойынын өткізді

2019 жылдың 25 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің «Көшбасшы» танымдық клубы университетіміздің факультеттері арасында «Тапқыр болсаң, озып көр» ойынын өткізді.

Ойын жалпы 5 кезеңнен тұрды. Әрбір кезең бойынша әділқазы алқалары 10-50 ұпай аралығында  баға беріп отырды. Әділқазы мүшелері қатарында  Энергетикалық факультетінің 4-курс студенті Нұрдәулет Медиев және «Көшбасшы» клубының белсенді студенті Акабай Хидиров болды. Сайыс барысында студенттердің алғырлығы,  жылдамдығы анықталды.

Ойын нәтижесі бойынша, 1-орынды ВжМШТ факультетінің студенті Ақерке Армия иеленсе, 2-орынды ВжМШТ факультеті Асқар Бойрабаев алды.  3-орын  КЖжКББ факультеті Зарина Ескеноваға бұйырды.