Құрметті әріптестер және студенттер! Баршаларыңызды 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер және студенттер! Баршаларыңызды 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер және студенттер!

Баршаларыңызды 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

       Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, достықтың мерекесі. Ұлттар достығының алтын бесігі болып табылатын елімізде түрлі ұлт өкілдерінің ұрпақтары білім алып, тату тәтті өмір сүруде. Олардың татулығы жарасқан елде өмір сүріп жатқаны жүрекке сенім, көңілге қуаныш ұялатады.

      «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе - білім» деген екен, заңғар жазушымыз М.Әуезов. Дініміз, тіліміз басқа болғанымен тілегіміз бір, жүздері басқа болғанымен жүректері білім мен ғылымға құштар жастарымыз бүгінде біздің университет қабырғасында білім алып, татулықтың үлгісін көрсетуде.   

      Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғаны абзал. Ендеше, елімізде қалыптасқан бірлігімізді сақтай отырып, халқымыздың достығы мен өзара түсіністігін одан әрі жалғастырып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік, ынтымақ, бірлігіміз жасай берсін! Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін!

 

Басқарма төрағасы           Қайрат Айтуғанов