«Мәңгілік ел – бірлігіміздің негізі»  атты IV республикалық пікір-сайыс турнирі өтті

«Мәңгілік ел – бірлігіміздің негізі»  атты IV республикалық пікір-сайыс турнирі өтті

2019 жылдың 7-8 желтоқсаны күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Аманат» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – бірлігіміздің негізі»  атты IV республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.

Турнирге Алматы, Қарағанды, Семей, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларынан 40 команда келіп қатысты. Сайысқа қатысқан әр топ бұлтартпас дә­лел­дері мен тапқыр шешендік қырларымен таңғалдырды. Турнирге төрелік еткен: Байдула Жақсылық мен Жахан Жаснұр (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ) және Елтай Жанар (Назарбаев университеті).

Турнир бойынша қорытынды:

І орын: «Легенда» командасы – Сланбек Елемес пен Жетпісова Айгерім (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ);

ІІ орын: «Ағаларым аман болсын» командасы –  Шахзадаев Рахим мен Бауыржан Әшірәлі (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ);

ІІІ орын: «Сағындырған күнім» командасы –  Елдос Оразхан мен  Қуаныш Орманбеков (Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті).

Турнир финалисттері: «Арқама қанат, басыма мүйіз» командасы –  Еркебұлан Қуанбай мен Амангүл Достанова  (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ).

Ал жастар финалының жеңімпазы – «Көшпенділер» командасы – Аружан Оңғарбек пен Турмахан Диана (НУ),  финалистері –  «Ни хауар» командасы – Серік Дидар мен  Нұрсаят Серікбай, «О.К.» командасы –  Маржан Зиябек пен Рамазан Абатов, «Social FAK» -  Серікбай Дархан мен Сахышов Әділ (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ).

Үздік спикер – Азамат Махамбет (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ).

Үздік финалист – Шахзадаев Рахим (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ).

Үздік төреші –  Әбдіқадыр Ерсамат (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ).