Мемлекеттік хатшы ҚазАТУ да

Мемлекеттік хатшы ҚазАТУ да

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев арнайы жұмыс сапармен келді. Университеттің тыныс-тіршілігімен танысып шыққан Қырымбек Елеуұлы, білім ордасының бүгінгі ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосып отырған ерекше үлесіне жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, еліміздің ауылшаруашылығы саласы үшін аса қажетті білікті маман даярлау жұмыстарын өз көзімен көріп, ризашылығын жасыра алмады.
Сондай ақ, Мемлекеттік хатшы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің алдағы уақытта ғылыми зерттеу университетін құру жөніндегі құжаттарымен танысты. Арнайы құжатпен ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы таныстырып шықты.
Өз сөзінде «Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан бізге дәл ҚазАТУ дай білім ордалары ауа дай қажет. Саладағы жаңа технология мен оны меңгеруге қауқарлы білімді әрі білікті маман даярлау ісіне де зор еңбек сіңіріп жатыр екенсіздер. Келешек осы жастардың қолында. Мен сіздерге сеніп отырмын. Білім ордасы ғылыми зерттеу университеті болуға дайын екендігіне көзім жетті»,- деді өз сөзінде Қырымбек Көшербаев.
Алдағы уақытта тиісті орындарға ғылыми зерттеу университетін құруға байланысты тапсырмалар берілетіндігі жөнінде де сөз қозғады Мемлекеттік хатшы.