Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Нүкешева Анар Жасқайратқызы профессор атағын алды

Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Нүкешева Анар Жасқайратқызы профессор атағын алды

А.Нүкешева С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Сол кездегі Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін ол үздік студент, "Қаржы, есеп және салық" кафедрасында ассистент болып жұмыс істеуге қалдырылды. 1997 жылы Анар Жасқайратқызы аспирантураға түседі. Жас ғалымның барлық жұмысы ҚАТУ-мен байланысты деп айтуға толық негіз бар. Атап айтқанда:  «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, доцент. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Нүкешева экономика факультетінің менеджмент кафедрасын басқарады.

Анар Жасқайратқызы: «Бір орында тұрма, - алға ұмтылмасаң, төмендеп қаласың» деген қағиданы берік ұстанады. Әрқашан білімімді толықтыра отырып, оқыдым, әрі жетілдім дейді.

2007 және 2019 жылдары  "Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы" Мемлекеттік грантын иеленді. ҚР БжҒМ тарапынан ұсынылатын "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды (2013 жыл). Ал 2014 жылы Президенттің "Болашақ" Халықаралық стипендиясының иегері атанды. 

2015 жылдан 2020 жылға дейін әлемнің үздік ЖОО білімін жетілдіріп келіп отырды. Атап айтсақ: Лестер Университетінде (Ұлыбритания), Хохенхайм университетінде (Германия), Дэвистегі Калифорния университеті (АҚШ), Вейхенстефан қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) біліктілігін арттырды.

          "Ғылымды болжау және жаңа технологиялар", "Институционалды экономика негіздері", "Ауыл шаруашылығындағы креативті экономика негіздері", "Агроөнеркәсіптік кешендегі интеграциялық процестер" сынды 6 оқу әдістемесі бар. 80-нен астам ғылыми жұмыстың авторы.

Анар Жасқайратқызымен әңгімеден-ақ ғалымдар отбасында өскен бойжеткеннің басқа жолды таңдай алмайтындығы айқын болды. Әкесі Жасқайрат Сүндетұлы - 1963 жылы ҚАТУ-дің алғашқы түлектердің бірі. Кейін университет түлектерінің ішінен алғашқы профессор болды. "Анам Балайым Жанболатқызы өмір бойы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді" деп есіне алды кейіпкеріміз.

Мектепті  астанадағы алғашқы мектептің математика сыныбын Алтын медальмен бітіргеннен кейін Анара көп ойланбастан жетекші ауылшаруашылық институтының экономика факультетіне оқуға түсті. Ғалымдар әулеті оның отбасында жалғасын тапты. Жұбайы - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Саяхат Оразұлы Нөкешев бүгінде - ҚАТУ техникалық факультетінің деканы.

Ата-ана ізін қуған ұлдары да  алдымен әке жолымен техникалық факультетте оқыды, содан кейін экономист ретінде оқуға ауысты.  

Анар Жасқайратқызы. -"Мен өз университетімді жақсы көремін, өзімнің туған факультетімді және кафедрамды жақсы көремін. Мен жас әріптестерімнің өз жұмыстарында биікке жеткенін қалаймын", - деп ағынан жарылды профессор сөз соңында.