«С.Сейфуллин туралы тарихи деректер» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел

«С.Сейфуллин туралы тарихи деректер» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел

2019 жылдың 25 қазанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Истоки» клубының ұйымдастыруымен «С.Сейфуллин туралы тарихи деректер» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті.  Оған С.Сейфуллин мұражайының экскурсия және тарихи таным бөлімінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Мұқият Қойшыбайұлы, мұражай қорына жауапты Нұрболат Қадыров, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы  Ғ.Бақытхан қатысты.

Дөңгелек үстелде Сәкен бабамыздың өмір жолы тарихи деректерден мол мағлұмат беріліп, жастарға Сәкен мұралары жайлы дәріс оқылды.

С.Сейфуллин мұражайынан шақырылған қонақтар біздің студенттермен кездесуге өте риза болып, жылы лебіздерін білдірді. Соңында естелік суретке түсті.