Шеберлік сағаты өтті

Шеберлік сағаты өтті

2019 жылдың 12 қазаны күні университетіміздің №8 жатақханасында «Шамбала білезіктерін тоқып үйренейік» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – жастардың арасында қолдан жасалған бұйымдарды дәріптеу болып табылады. Шеберлік сағаты барысында әр қатысушыға білезік тоқуға қажетті арнайы шамбала жіптері беріліп, клуб шеберлерінің көмегімен жеке үйретілді. Сонымен қатар, әр қатысушы өздерінің бұйымдарын тастарды қолдану арқылы әшекейлеп, өздерімен бірге алып кетті.

Шеберлік сағат соңында қатысушылар суретке түсіп, шеберлік сағатын өткізген клуб мүшелеріне алғыстарын білдірді.