Сенбілік

Сенбілік

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қызметкерлері ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты.

Университеттің барлық корпустары мен жатақханаларының айналасы департаменттер,  кафедралар мен факультеттер арасында бөлініп берілді. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында аумақты тазарту жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.

Университет қызметкерлерінің алдында университетке іргелес аумақты тазарту жұмыстары - қоқысты шығарып, ағаштар мен жиектерді ағарту міндеттері тұрды.

Бас корпустың коменданты Алмагүл Қасенова сенбілікке шығушыларды барлық тиісті еңбек құралдарымен жабдықтап, тазалықты қадағалады. Күн сайын университеттің тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкерлерінің еңбектерін ерекше айтқан жөн, олар сенбіліктің негізгі жұмыс майданын өз мойындарына алып, санаулы сағаттарда аяқталуына ұйытқы болды.

Кезекті тазалық жұмыстары 27 маусымға белгіленді.