Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті

2020 жылдың 20 мамыры күні экономикалық факультетінің 18-12 тобының кураторы Г.Е.Жолдояқованың ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы  бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Д. К. Қозыбаев  және Antikor Ortalygy «Жақсылық елшісі» жобасының үйымдастырушысы М.Б. Ажикеновамен  ашық кураторлық сағат өткізілді.

         Ашық кураторлық сағатқа тәрбие жұмысы жөніндегі департамент маманы Г.Е. Байдалина, қаржы кафедрасының меңгерушісі З.А. Баймағамбетова,  деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е. Мұхтарова, және қаржы кафедрасының оқытушылары Г.К. Кеңес, А.А.Таурбаева қатысты.

         Кездесу соңында студенттер сұрақтар қойып, қонақтарға қызықты және қажетті ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді.