«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» тақырыбындағы курс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» тақырыбындағы курс

2019 жылдың 5-6 желтоқсан күндері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. 

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы білімді дарыту және сыбайлас жемқорлық сызбаларын анықтаудың практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында болды.

Курсты  "ИСО енгізу агенттігі"  ЖШС директоры  А.В. Бандуро өткізді.

Біліктілікті арттыру курстарына университетіміздің ПОҚ, университет ректораты, Департамент мамандары, белсенді студенттері, жатақхананың меңгерушілері белсенді қатысты. Курсқа қатысқан қызметкерлерге сертификат берілді.