Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында маусымдық дала жұмыстары ҚАТУ ғалымдарымен бірлесе отырып жүргізуде

Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында маусымдық дала жұмыстары ҚАТУ ғалымдарымен бірлесе отырып жүргізуде

6 маусымда С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің еншілес кәсіпорыны болып саналатын - «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында» ЖШС (СҚ АТС) егін егу науқанын толықтай аяқталды. Дақылдар көрсетілген географиялық аймақ бойынша түгелдей оңтайлы уақытта отырғызылды.

«СҚ АТС» ЖШС Басқарма Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Жоламанның айтуынша, ағымдағы егістік маусымда ауылшаруашылық дақылдарының жалпы егіс алқабы 15000 гектардан астам аумақты құрады, оның ішінде түпнұсқа тұқымдарды көбейтуге арналған питомниктер - 2891 га, ғылыми стационарда - 210 га алқап болды.

Егістік алқаптарының құрылымында 2021 жылы жаздық жұмсақ бидай 10 мың гектардан астам алқапты алады, жаздық арпа 1500 гектарға жуық, сұлы, бұршақ пен қоса бір және көп жылдық шөптер де егіледі. Картоптың егіс көлемі 100 гектардан асты, соның ішінде ғылыми асылдандыру алаңдары - 8 га жер бөлінген. Сондай-ақ, 2021 жылы майлы зығыр егілетін алқап 1700 гектарға дейін ұлғайтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70% жоғары. Бұл соңғы жылдары аталмыш дақылға деген сұраныстың  жоғарылауымен және экспорттық әлеуеттің артуымен тікелей байланысты болып отыр.

Ғылым бөлімінде дәнді, бұршақ және майлы дақылдардың экологиялық сорттарын сынау бойынша тәжірибелер өткізілуде. Сонымен бірге  жаздық бидай тұқымын өсіру питомниктері, жаздық тритикале мен жаздық бидайды өсіру агротехнологиясы бойынша тәжірибелер, дәл егіншіліктің ғылыми полигондары, зерттеу станциялары жеміс-жидек пен  дәнді-дақылдардың ауыспалы егістігі, сонымен қатар, минималды және нөлдік технологиялар негізінде ғылыми тұжырымды шаралар атқарылуда. Жұмыс С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде. Докторанттарды, магистранттарды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық және химия өнеркәсібі базасында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттер де шараға мейілінше жақын тартылуда.

Ағымдағы жылдың шілде айының соңында «Солтүстік Қазақстан АТС» ЖШС базасында облыстық ауылшаруашылық кәсіпорнының бастамасымен аймақтық дала күнін өткізу жоспарлануда. Онда ауылшаруашылығы саласындағы  ғылым мен өндірістің  үйлесімді жұмыстары жан-жақты көрсетіледі деп жоспарлануда.

Ағымдағы жылы ылғалды жабу үшін көктемгі далалық жұмыстар құрғақ ауа-райы мен климаттық жағдайларға байланысты ерекше маңызға ие болды. Ылғалды жабу бүкіл егіс алаңында, қысқа мерзімде жүргізілді. Сондай ақ, аралық және егіске дейінгі топырақты өңдеу өзінің тиімділігін көрсетеді деп жоспарлануда.

Барлық тұқымдар "СҚ АТС"-ның үш өндіріс орнында өңделіп отырды. Сонымен бірге егістік жұмыстары үшін  барлық қолда бар ауылшаруашылық техникасы тартылды. Техникалардың барлығы түгелдей тазалау мен өңдеуден өткізіліп, GPS- құрылғысымен  жабдықталған. Осылайша 5 тұқым себу кешені алқаптарға жөнелтілген болатын.

Қазіргі уақытта сүр танаптар өңделіп барлығы  4700 га алқапта жұмыстар аяқталды. Сүр танаптардың барлық аудандарына бастапқы тұқым себу мақсатындағы ғылым бөлімінің тыңайған жерлеріне агрохимиялық талдау жасау жұмыстары жүзеге асырылуда. Жұмыстарды С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың агрохимиялық зертханасы жүргізуде. Агрохимиялық картограммалар негізінде алынған минералды тыңайтқыштар танаптарды сүрлеумен өңдеу кезінде енгізу жоспарлануда. Минералды тыңайтқыштардың қажеттілігі шамамен 850 тонна болып отыр. Қазіргі уақытта тыңайтқыш түгелдей сатып алынды. Алдағы күндері жеткізілу жұмыстары басталды.