«Ұлы тұлғаларға тағзым» Студенттер арасында республикалық жыр мүсәйрасы өз мәресіне жетті

«Ұлы тұлғаларға тағзым» Студенттер арасында республикалық жыр мүсәйрасы өз мәресіне жетті

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Абай Құнанбайұлының 175, Сәкен Сейфуллиннің  125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы тұлғаларға тағзым» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Елорда тарихында алғаш рет қазақтың ұлы перзенттері – Абай мен Сәкеннің мерейтойларына арналған мүшәйра жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның өтуіне мұрындық болған С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ басшылығы. Атап айтқанда университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы. Мүшәйраға қатысушы студенттерді арнайы құттықтаған ректор, олардың келешекте Абай мен Сәкен тәрізді тау тұлғалар болатындығына сенетіндігін және қашан да қаламдарының ұшты болуын тіледі.    

Шараға қатысу үшін республикамыздың барлық қалаларындағы ЖОО-нан 50-ден астам өтініш келіп түскен. Олардың ішіндегі 38 жас ақындардың өлеңдері арнайы шығарылған жинаққа кірсе, жүзден жүйрік деп танылған 18 ақын  мүшәйраға шақырту алған.  

Шара қорытындысы бойынша қатысушылардың бесеуі ынталандыру сыйлықтарына ие болған. Үшеуі жүлделі орындарға лайық деп танылып, оларға ақшалай сыйақы табысталды. Осылайша жүлделі 3-орынды  Қостанай қаласынан келген Жауынбай Жылқыбайұлы иеленсе, 2-орынды Семейлік Ділнәз Байекенова жеңіп алды. Ал Бас қаламыздағы Новосібір мемлекеттік университетінің студенті Серікжан Қажытай 1-орынды иеленіп, 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасы мүшәйраның жоғары деңгейде өткенін айтып, ақындарға дән ризашылығын жеткізді.

Сондай ақ, айта кету керек,  шараны ерекше денгейде ұйымдастырған университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент және Қазақ және орыс тілдері кафедрасы болды. Ал ақындар сайысының әрі мен нәрін келтірген өзге ешқандай техникалық білім ордарында жоқ  Өнер және шығармашылық факультетінің ұжымы мен өнерпаздарына  айтар алғысымыз шексіз.