Университетіміздің «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын бастады

Университетіміздің «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын бастады

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті   "Жас Отан" Жастар қанатының белсенділері Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылындағы Сəкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Бұл жұмыстың мақсаты – мектеп түлектеріне дұрыс таңдау жасауға көмектесу, дұрыс бағыт-бағдар беру. «Жас Отан» ЖҚ мүшелері оқушыларға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жайлы, факультеттер мен мамандықтар жайлы ақпарат берді. Кездесу барысында оқушылар «Жас Отан» ЖҚ мүшелерімен əңгімелесіп, сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айының 25 жұлдызында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жас Отан» ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасы Жанділдә Бақдәулет Болатұлы және Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының  «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасы Абдиалимов Ержан Майрамұлы қатысты. Кездесу барысында жасотандықтар «Жас Отан» ЖҚ жұмысына тоқталып өтті, жастар саясаты саласындағы оң тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.