«COVID-19» коронавирусынан сақтану шаралары

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер!

 Сіздер келесі ережелерді сақтай отырып, өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңызды қорғай аласыздар:

  • үйіңізден шықпаңыз! Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз.
  • қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
  • мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
  • тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
  • күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
  • үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
  • байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз! Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. Азық-түлік пен тауар қажет болса, үйдің табалдырығына дейін жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз.
  • салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.

Егер Сіз ауырып қалсаңыз, ЖРВИ ауруының белгілері байқалса, 103-ке қоңырау шалыңыз!

Егер Сізде коронавирус туралы сұрақтар болса, 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Қазақстанда коронавирус ауруы туралы ресми және сенімді ақпаратты https://t.me/kkkbtu сайтынан алуға болады!

«КВИ-ға қарсы екпе туралы ақпарат»

Коронавирустан сақтану

Тұмауға қарсы екпе туралы

Суық тиюден сақтану

Диабет туралы

Бетперде кию маңыздылығы

Бетпеде киіңіз!

5 алтын ереже

Коронавирус белгілерімен тағы да танысуға кеңес береміз

Коронавирус туралы ақпарат

Коронавирустан қалай сақтану керек?

COVID-19 және жүрек-қан тамыр аурулары (ЖҚТА) бар пациенттер

Тұмау және ЖРВИ алдын алу

Коронавирусты жұқтыруға жол бермеу үшін сақтық шаралары мен гигиена туралы естеріңізге саламыз

Коронавирус туралы ақпарат -1 бөлім

Коронавирус туралы ақпарат -2 бөлім

Коронавирус туралы ақпарат -3 бөлім

Сіздерге төтенше жағдай кезіндегі тәртіп ережелерді ұсынамыз

Карантин кезінде үйге азық-түлікке тапсырыс беру кезінде төмендегі пункттерге назар аудару қажет

Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз

Ұялы құрылғыларды дезинфекциялау туралы

Коронавирусқа қарсы антисептикті қалай таңдауға болады?

КОРОНАВИРУС БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Егер сіз коронавирусты жұқтырғаныңызды сезсеңіз, әрекет ету алгоритмі

Бөлменің санитарлық-гигиеналық жағдайын дұрыс ұстану талаптары

Абайлаңыз ТҰМАУ!

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1842068062611253&id=894837280667674