Студенттер назарына әскери кафедрада оқуға іріктеу қорытындыларын ұсынамыз

2020 жылғы 12-21 қазан аралығында әскери кафедрада әскери кафедрада оқу үшін студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу және конкурстық іріктеу өткізілді.

Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау жоспарына сәйкес 2020 жылы грант бойынша 111 және ақылы негізде 112 орын бөлінді. Әскери кафедрада алғашқы рет "Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру"және"Топографиялық жұмыстар"мамандықтары  бойынша оқуға іріктеуге студент – қыздар қатысты.

Комиссия шещіміне сәйкес «ақылы негізде оқуға ұсынылған» 112- нөмірден 223- нөмірге дейінгі студенттер ақылы негізде оқуға ниет білдірсе (немесе бас тартса) әскери кафедра жетекшісі атына өтініш жазып, әскери кафедраның электрондық поштасына (vk_kazatu@mail.ru) жіберу керек.     

Конкурстық іріктеуді өткізу қорытындылары қосымшада көрсетілген.