Әкімшілік

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы

Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы,

Тел.: 8(717)2-31-75-47

Е-mail: kazatu2708@mail.ru

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "инженер - экономист" біліктілігі бойынша бітірген.

1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын тамдаған.

Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1985-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Әскери атағы-аға лейтенант.

1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді.

1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілік жоспарлау бөлімі төрағасы қызметтерін атқарды.

1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы "Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасын басқарды.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.

2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 27 тамызынан - "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті"  КеАҚ Басқарма Төрағасы  болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен және 5 мемлекеттік медальмен марапатталған.

 

Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы

Басқармасы төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасары – Ректор, педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚПҒА академигі

тел. +7(7172) 39-39-18

Е-mail: abdyrov@rambler.ru

1984 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын тәмамдаған.

1990 жылы И.В.Мичурин атындағы Жеміс-көкөніс институтында (Мичурин қ.) аспирантураны бітірген соң, Тамбов химиялық машина жасау институтында  техника ғылымдары кандидатты ғылыми атағын  алды.

1995 жылы «Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру және электрлеу» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2006 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде (Түркістан қ.) «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдары докторлығы ғылыми атағын қорғады.

2008 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолын Целиноград Ауылшаруашылық институтының азық өндірісі лабораториясының кіші ғылыми қызметкері болып бастады (1984 – 1987 жж.).

Кафедраның ассистенті, аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Аталмыш университет студентінен бастап, ректор қызметі жолына дейін көтерілді.

1990 - 1992 жылдар аралығында технологиялық процесстерді механизациялау кафедрасының меңгерушісі.

1992-1993 жылдары ауыл шарушалығын механизациялау факультетінің деканы. 

1999-2004 жылдары ЖОО дейінгі дайындық факультетітінің деканы.

2004 жылдан бүгінге дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (бірінші проректор).

2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап жетінші шақырылымдағы Нұр-Сұлтан қаласындағы мәслихат депутаты болып сайланды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасары – Ректор.

Университеттің «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі (2006 ж.), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен (2007 ж.), «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен (2008 ж.), «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл»  естелік медалімен (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» (2008 ж.) «Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту» төсбелгісі (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011 ж), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті  қызметкері» атағымен (2011ж.), «Профессор М.А.Гендельманның туғанына 100 жыл» естелік медалімен (2013ж.) марапатталған. 2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Тоқбергенов Исмаил Тасанбиұлы

Басқарма төрағасының ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары , физика-математика ғылымдарының кандидаты

Тел.: +7(7172) 31-75-64

Е-mail: titssp@mail.ru

1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін физика және информатика мамандығы бойынша бітірді.

1996-2003 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы және аға оқытушысы; Эстониядағы Тарту университетінің физика институтында докторант, постдокторант және аға ғылыми қызметкері болған.

2003-2007 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің инновациялық орталығының директоры қызметін атқарды.

2007-2009 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығында ғылым департаментінің директоры және даму жөніндегі бас директордың орынбасары.

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  «ҚазАгроИнновация» АҚ ғылым жөніндегі басқарушы директор, Ғылым және инновациялық қызметті дамыту департаментінің директоры.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС технологиялық аудит басқармасының және талдау басқармасының бастығы.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ технологияларды трансферттеу және коммерциализациялау орталығының директоры, басқарушы директор.


2017 жылдан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасының ғылым, инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары.

 

Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы

Басқармасы төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Тел: +7(7172) 31-75-64

1983 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығын бітірді.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысының  орман шаруашылығы шебері болып бастады.

2004-2009 жылдары «Астана-Зеленострой»  АҚ басшылық лауазымдарында болды.

2007-2009 жж. Астана қаласы мәслихатының депутаты.

2009-2013 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің төрағасы.

2013 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі.

2014-2019 жылдарда ҚР Ауылшаруашылы вице-министрі.

2019 жылдан бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

2021 жылдың мамырынан бастап Басқармасы төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

 

Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы

Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының докторы

Тел: 8(717)2-31-75-25

E-mail: dvr.katu@mail.ru

1994 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

1994-2007 жылдар аралығында Ө.А.Байқоңыров  атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды.

2002 жылы кандидаттық диссертация жұмысын қорғады.

2007 жылдан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,  Гуманитарлық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасында оқытушысы.

2011 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2011- 2012 жылдар аралығында Гуманитарлық факультеттің деканы.

2012 жылдан бастап Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (проректор).

2021 жылдан  Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

 

Сыдықов Әнуар Шаймерденұлы

Басқарма төрағасының корпоративтік қаржы жөніндегі орынбасары

Тел: +7 (7172) 31 75 44

E-mail: ansh1972@mail.ru

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Т. Рысқұлов атындағы Мемлекеттік Экономикалық университеті) бітірді. "Қаржы және несие" мамандығы бойынша жоғары экономикалық білімі бар.

1993-1998 жылдары екінші деңгейдегі банктерде жетекші маман лауазымынан бастап, филиал басшысына дейін көтерілген.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратына мемлекеттік қызметке қабылданды.

2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, ішкі аудит және бақылау Департаментінің директоры.

2013 жылдан бастап университетінің  Қаржы блогын басқарды.

2016 жылғы 11 қарашадан бастап Басқарма төрағасының қаржы мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары. 

2021 жылдан бастап Басқарма төрағасының корпоративтік қаржы жөніндегі орынбасары

Қазақстан Республикасының Құрмет  грамотасымен марапатталған.

 

E-mail: office@kazatu.kz