Қош келіпсіздер!

Құрметті сайт қонақтары!

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

2018 жылы ҚР сұранысқа ие  жоғары оқу орындары арасындағы Ұлттық рейтингіде КазАТУ Қазақстанның үздік 20 жоғары оқу орнының қатарынан көрініп 4 орынға табан тіреді.  2019 жылы 3 орын, ал 2020 жылы көрсеткіштер 2 орынды иеленді. Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламаларының рейтингісінде, 2019 жылы аграрлық ЖОО арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1 орынға қол жеткізді.

2019 жылдың қаңтар  айында AgroParisTech және Agreenium (Франция) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Магистратура мен бакалавриаттың 7 бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп, 2020 жылдан бастап олардың оқытылуы жүзеге асырыла басталады.

Университетте заманауи материалдық-техникалық база, заман талабына сай ғылыми зертханалар бар. Сонымен қатар 9 технологиялық платформа, студенттерді практикалық оқыту үшін 1300 га болатын  ауыл шаруашылығы алқаптары құрылды.

Шетелдік әріптестермен, атап айтқанда Дэвис қаласындағы (АҚШ) Калифорния университетімен бірлесіп, КазАТУ-ды ҚР Ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау бағдарламасы әзірленді.

2020 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру туралы шешім шығарылды.  

Университет құрамына А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы еніп отыр. Сонымен қатар, ЖОО-құрамына Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Қазақ орман шаруашылығы агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты кіргізілді.

Егер сіз сұранысқа ие мамандық иесі атанғыңыз келсе - біздің есігіміз сіз үшін ашық! Болашақ өмірдің  баспалдағына сәтті қадам жасап - біздің 70 000 түлегіміздің қатарына қосыл!

Қ.Айтуғанов,
экономика ғылымдарының докторы, 
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы