Басты бет / Жаңалықтар / 1976 жылғы агрономия факультеті түлектерінің кездесуі
1976 жылғы агрономия факультеті түлектерінің кездесуі

Просмотров: 294

Ауыл және орман шаруашылығы институтының акт залында 1976 жылғы агрономия факультетінің түлектерімен тағылымды кездесу өтті. Араға көптеген жылдар салып, ғалым-агрономдар өздерінің білім алған қара шаңырағына қайта оралып, студенттік шақтарын еске алып, кәсіби жетістіктерімен бөлісіп, курстастарымен жүздесті.

Іс-шара барысында қонақтар өздері білім алған аудиторияны аралап көрді. Түлектер студенттік өмірдің жарқын сәттерін, оқу үдерісін, өндірістік тәжірибелерді және олардың кәсіби қалыптасуына зор үлес қосқан оқытушыларын ерекше ықыласпен еске алды.

Кездесу барысында түлектер университетке сапалы білім бергені үшін алғыстарын білдіріп, оның одан әрі дамуына, ғылыми әлеуетінің артуына, білікті мамандар даярлау ісіндегі табыстарының молаюына және аграрлық ғылым мен білім саласында жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестіктерін білдіріп, университет басшылығына алғыстарын жеткізді.