Басты бет / Жаңалықтар / AI-Sana аясында студенттердің үздік AI-жобалары таныстырылды
AI-Sana аясында студенттердің үздік AI-жобалары таныстырылды

Просмотров: 295

AI-Sana бағдарламасы аясында еліміздің 20 жоғары оқу орны өздерінің үздік жобаларын таныстыруға шақырылды. Солардың қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері әзірлеген AI-жобалар да іріктеуден өтіп, Astana IT University-де өткен халықаралық іс-шарада таныстырылды.

Университет студенттері AI-Sana бағдарламасының алдыңғы кезеңдерін табысты аяқтап, алған білімдері мен дағдыларын нақты жобалар мен цифрлық шешімдерге айналдыра білді.

Іріктелген студенттік жобалар үш күн бойы таныстырылып, қатысушылар өз әзірлемелерін сарапшыларға, жоғары оқу орындарының өкілдеріне және сала мамандарына ұсынды. Сонымен қатар студенттер өз жобаларын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеевке таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Бұл тәжірибе студенттерге өз жобаларын кең аудиторияға таныстыруға, тәжірибе алмасуға және басқа жоғары оқу орындарының өкілдерімен жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.