Басты бет / Жаңалықтар / «Ақтаңгер» ат спорты секциясы өз жұмысын бастады
«Ақтаңгер» ат спорты секциясы өз жұмысын бастады

Просмотров: 792

 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің жанынан ашылған «Ақтаңгер» ат спорты секциясы өз жұмысын бастады. Алғашқы дайындықты ат спорты секциясының жетекшісі Жоламан Есетов жүргізді. Бұл күні секцияға 1,2 курстың 25 студенті қатысты. Секцияның бірінші күні студенттерге «Атқа міну әдебі және ат әбзелдерімен таныстыру» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

«Ақтаңгер» ат спорты секциясының есігі университет оқытушылары мен студенттеріне әрдайым ашық. Секцияға қатысушы студенттеріміз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сеніміміз мол.