Просмотров: 776
Қадірлі студенттер мен әріптестерім!
Табиғат-ана еміреніп, жан-жағын шуағына малынта, сағынта жеткен қасиетті Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек. Өткен жылдан жаңа жылға есен-сау жеткендігіне шүкір етіп, қытымыр қыстың шегініп, жер аяғы кеңіген бұл күні ел қол алыса көрісіп, құшақ айқастыра жадырай қауышады.
Амал – елдік, халықтық мейрам. Себебі бұл күні бірлік күшейеді, береке молаяды.
Құрметті әріптестер!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған Амал мерекесі еңсесі биік елдіктің, іргесі берік бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.
Бұл айтулы күнде Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.
Амалдан амалға аман есен жете берейік!
Құрметпен, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.