Просмотров: 621
Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы (АТКО) С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркі базасында «Қазақстан Республикасындағы технологияларды коммерцияландыру. Питчтер және кері байланыс» атты тәжірибелік семинар өткізді.
Семинарға 30-дан астам қатысушы жиналды. Іс-шараға «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымдарының ғалымдары, технологияларды коммерцияландыру саласындағы жетекші сарапшылар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Семинар аясында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың негізгі кезеңдері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, лицензиялау, роялтиді есептеу, тиімді бизнес-модель қалыптастыру және технологияларды нарыққа шығару мәселелері талқыланды. Сарапшылар табысты коммерцияландыру тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми жобаларды нарыққа шығаруда жиі кездесетін қателіктерге тоқталды және оларды тиімді ілгерілету жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар жоба таныстырылымдарын әзірлеу және қаржыландыруға өтінім беру бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар ғылыми әзірлемелерді нарық талабына сай ұсыну, оларды ілгерілету және инвестиция тарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар алды.
«Бүгінде ғылыми әзірлеменің инновациялық болуы ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – оның нарық сұранысына жауап беруі. Сондықтан АТКО ғалымдарға коммерцияландырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге, жобаларын тиімді таныстыруға және бизнеспен әріптестік орнатуға мүмкіндік беретін тәжірибелік семинарларды тұрақты түрде өткізеді. Біздің міндетіміз – отандық ғылыми әзірлемелердің өндіріске жол ашып, нақты сұранысқа ие өнімге айналуына қолдау көрсету», – деді Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының Басқарма төрайымы Райхан Кенжебаева.
Семинар спикерлері қатарында «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі кәсіби мамандар альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Арын Орсариев, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі сарапшы Әбділда Шаменов және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды иелену туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Саят Шидербеков болды.
Семинардың практикалық бөлігінде ғалымдар өз ғылыми әзірлемелерін таныстырды. Бизнес өкілдері ұсынылған жобалармен танысып, оларды өндіріске енгізу перспективалары мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың практикалық құралдарын меңгеріп, жобаларды әзірлеу мен қаржыландыруға өтінім дайындау бойынша ұсыныстар алды. Сондай-ақ өз әзірлемелерін әлеуетті бизнес серіктестеріне таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушылар семинардың мазмұнды бағдарламасы мен тәжірибелік бағытын жоғары бағалап, сарапшылардың кәсіби тәжірибесі мен оқыту және технологиялық питчті ұштастырған форматтың тиімділігін ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай кездесулер ғалымдардың коммерцияландыру саласындағы құзыреттерін арттырып, отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.